"Ақмола облысы  білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі   Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-гимназия №5 "Тандау" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары

27.02.2017

«Білім беру тек қана  оқытумен шектелмей,

әлуметтік    адаптация процесіне бейімдеу қажет.  

 Н.Ә.Назарбаев. 

Елбасы  Н.Ә. Назарбаев  2012  жылғы  27 қаңтардағы  «Әлеуметтік – экономикалық  жаңғырту – Қазақстан  дамуының  басты бағыты» атты  Қазақстан халқына кезекті  Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана  алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке  оқушылардың функционалдық  сауаттылығын   бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын  дайындау  жөнінде  нақты  тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың негізінде маусым айындаҮкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832  қаулысымен бекітілген. «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға  арналған ұлттық  іс-қимыл  жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың  мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту  . Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.
Оның бірінші механизмі-оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту / МЖБС -мемлекеттік стандарт/ . Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практиакалық жағ-дайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.

Олар:
-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;
-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;
-коммуникативтік /қазақ ,орыс ,ағылшын тілінде ауызша ,жазбаша қарым-қатынас жасау;
-әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;
-тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, , қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын-шылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;
-азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі,тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/
-технологиялық / ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;
Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.
Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны ,құрылымы функционалдық сауатты-лықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.

Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға болатыны нақты анықталмаған / Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді.  Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS , PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы . Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады.

Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез-құлық, әдеттрден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс. Бұл үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылады.

Төртінші механизм-қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы,музыка мектептері,жас техниктер мен натура-листер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады.Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады.

Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері:

Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:
1.Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.
2.Білім беру мазмұнын жаңартады.
3.Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.
4.Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.
5.Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.

Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін орта мектептердегі құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны ерекше болып келеді. Бұл орыс мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістеме негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі.
Республикамыздыңбілім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне тек сөйлесу тілі, мемлекеттік тіл деген ұғымда ғана қалдырмай, ғылым тіліне дейін жеткізу болып отыр. Қазіргі заман талабы – өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеу заманы, өз тілін, өз Отанын жанымен сүйе білетін азамат тәрбиелеу – әр ұстаздың міндеті.

Қазақ тілі сабақтары – баланы тілге үйрету мен тәрбиелеуде оның патриот тұлға ретінде өзін-өзі ашуына,  дамуына жағдай жасайтын негізгі сала. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі болмай, керісінше мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Сондықтан құрастырылып отырған әдістеме  қазақ тіліміздің мемлекеттік мәртебе дәрежесінде үйретілуіне, өзге тілді мектептерде  қазақ тілінің еркін сөйлесу тілі деңгейіне жеткізілуіне бағытталып отыр. Осы мақсатпен мен өз тәжірибемде сто әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданамын.  

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын әдіс. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету“

«Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1)сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2)оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3)әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна алдырмау;
6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.


Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
— қызығушылықты ояту;
— мағынаны ашу;
— ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
— оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
— оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
— оқушының белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс — әрекеті қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша — әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау .
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
— жаңа ақпаратпен танысу;
— жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс — әрекеті қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
— мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
— жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
— қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
— инсерт;
— екі жақты күнделік;
— қосымша журнал;
— сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
— қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
— оқылған материалды талдау және қорытындылау.
— тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
— Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
— Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
— өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
— Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру
— әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.

— түйін сөздерге қайта оралу.
— дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
— рефлексивті сұрақтар
— пікір алмасу.
— шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.

Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.

Технологияны оқыту стратегиялары (тәсілдері)
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.
Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады.

Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
«V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді
Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді.
Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс — әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.

Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. Сонымен қатар
Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.
Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек.
Білемін. Үйрендім.Білгім келеді.
Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
«Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім.Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз. 
«Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
«Әңгіме» стратегиясы. Өзіне — өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.Технологияны оқытуда басқа да стратегиялар белгілі: «Жұқа» және «қалың» сұрақтар стратегиясы, Кроссворд стратегиясы.
Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
— мотивацияның артуы;
— дербес іс — әрекеттің артуы;
— ойлаудың белсенді болуы;
— оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан — жақты дамуы;
— логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.

Просмотров: 634


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст