11 -сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындығы
Эссенің құрылымы неден тұрады?
Эссе жазу тәртібі әдетте үш қадамнан тұрады.
КІРІСПЕ БӨЛІМ.
Кез келген жазбаша жұмыс секілді, эсседе де кіріспе бөлім болады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз болуы мүмкін. Сондықтан ерекше эмоционалды түрде ойлана отырып, оқырманды қаралатын мәселеге алып келу, тақырыптың өзектілігін алға тарту маңызды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Негізгі бөлім бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дәлелдер) және тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап). Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Бұл өмірден алынған түрлі жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәлелдемелер болуы мүмкін.
Дәлелдеме келесі ретпен жасалуы мүмкін:
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.
Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек.
ЭССЕ жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар:
БАРШАҢЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!