Текст
16.09.2026
Жиын барысында маңызды мәселелер қарастырылды:
🔹 сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын қалыптастыру;
🔹 азаматтардың деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу;
🔹 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің конституциялық негіздері.
Ақпаратпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілі Қазтаев Ж.Т., Дін істері басқармасының өкілі Жақанов С.Б. және гимназия директоры Рахимбекова Ж.У. сөз сөйледі. «Әр түрлі мәселелер» бөлімінде тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Оразымбетова А.Р. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы және гимназияның алдағы мерейтойына дайындық барысы туралы ақпарат берді.