ЕМТИХАН ЖҰМЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ.
Емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділерімен жұмысқа негізделеді. Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпаратты өңдей отырып, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын өңдей отырып тиімді пайдалануы, стильдік және жанрлық ерекшелікті сақтап, аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады.
БАҒАЛАУ МІНДЕТТЕРІ.
- Коммуникативтік құзырлық (10 ұпай);
- Тілдік құзырлық (10 ұпай);
Барлығы 20 ұпайды құрайды.
Білім алушыларға СӘТТІЛІК тілеймін!
Пән мұғалімі: Абдугалина Н.Т.