"Ақмола облысы  білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі   Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-гимназия №5 "Тандау" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні. 2021-2022 оқу жылы. 11 сыныпқа арналған қорытынды аттестаттаудың тапсырмалар үлгісі.

№1 Тыңдалым.

Атаның ақылы

Аппақ шыңды Алатаудың аясындағы Алматы қаласының Орталық саябағы маусым айы кезінде жайқалып тұр. Бой түзеген күміс қылқанды шыршалар, жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар, жұпар иісі аңқыған аршалар гүлзарлы алаңдарды қоршап, қоңыр салқын самалмен тербеледі.

Бес жасар Бектай атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті, серіппеде секіріп ойнады. «Поезға» мініп, «жол жүрді», «зымыранға» мініп, зымырады. Бір кезде тәмпіш мұрны тершіп, қарақаттай көзі күлімдеп, ол:

- Ата, шөлдедім, - деді. Атасы ақ күмістей сақалын тарамдап, күлімдеді де:

- Шөліңді қандыр, жарығым, -деп, оған салқындаған алма шырынын сатып әперді. Бекжан құтыдағы салқын, тәтті алма шырынын құшырлана жұтып алды да:

- Ата, балмұздақ жегім келеді, - деп, ентіге сөйледі. Ақжарқын атасы Бекжанға балмұздақ сатып әперді де:

- Ботам, балмұздақтан көп жеме, тамағың ауырып қалады, деп ескертті. Бектай атасы алып берген балмұздақтан біраз жалады да:

- Ата, шоколад жегім келеді, деп, күлімдеді.

- Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар. Қанағат керек.

- Ата, қанағат деген не? – деп, Бекжан сұрақ қойды.

- Күнім-ау, «қанағат» деген – әр нәрсенің шама-шарқын біліп, соған риза болу, тамақ ішудің де шегін, ретін білу... Қанағат қылмай, не болса соны талғамай, іше берсең, ауырып қаласың – деп атасы ақыл айтты.

- Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бекжан бақта сергек сейілдеп, жақсы демалды.

                                                                                                                                                                                                                                                                              

                                                                                                                     (Әдібай Табылды)

№2 Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тест тапсырмаларын орында.

Ғаламтор тарихы

Интернет сөзі ағылшынша «байланысқан желілер» деген екі сөздің туындысы. XX ғасырдың 50-жылдарының соңында АҚШ-тың әскери зерттеулер агенттігі соғыс болған жағдайда жылдам ақпарат алмасатын желінің қажет екендігін айтып, компьютерлер желісін құру жайлы ұсыныс жасайды. Мұндай желіні жасау 3 университет пен 1 зерттеу орталығына тапсырылады. Жобаны АҚШ қорғаныс министрлігі қаржыландырды. АҚШ-та жасалған желі ARPANET деп аталды. ARPANET желісіндегі алғашқы сервер 1969 жылы

1-қыркүйекте Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Ол оперативті жадысы 24 Кб болатын Honeywell DP-516 компьютері болатын. 1969 жылы желіні жасауға қатысқан төрт мекеменің арасында өзара байланыс орнатылды. Уақыт өткен сайын танымалдылығы артқан желіні басқа саладағы ғылыми қызметкерлер де пайдалана бастады. 1971 жылы алғаш рет желі арқылы электронды хабарлама жөнелту бағдарламасы жасалды. Бағдарлама бірден танымал болды. 1973 жылы желіге Атлант мұхиты арқылы өтетін телефон желісі қосылды. Телефон желісі арқылы Ұлыбританиямен және Норвегиямен байланыс орнатылды. Осылайша ғаламтор желісі халықаралық деңгейге жетті. 2008 жылғы статистика бойынша интернетті пайдаланатындар саны 1,5 млрд. адамды құрайды екен.

(Ғаламтор материалдарынан. 150 сөз)

 

 

№1 ТЫҢДАЛЫМ.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, тест  тапсырмаларын орындаңыз.

І. Тест сұрақтары

1. Оқиға қай кезде болды?

A) мамыр айында B) шілде айында C) маусым айында D) тамыз айында E) күзде

2. Баланың көзі қандай?

A) қоңыр B) қарақаттай C) көкшіл D) қой көзді E) бота көзді

3. Атасының мінезі қандай?

A) ақкөңілB) момын C) қатал D) ұлтжанды E) ақжарқын

4. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.

A) Шөліңді қандыр, жарығым. B) Ата, балмұздақ жегім келеді. C) Атасы оған шие шырынын сатып әперді. D) Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар.

E) - Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

5. Мәтінге қай тақырып сай келеді?

A) Көзіңді жас кезіңнен сақта B) Ата мен бала достығы C) Бақытты балалық шақ D) Бала арманы  E) Қанағат – денсаулық кепілі.

 

 

 

№2 ТЫҢДАЛЫМ.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, тест тапсырмаларын  орындаңыз.

І. Тест сұрақтары.

6. Желіні жасау неше университетке тапсырылды?

A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E) 5

7. Алғашқы сервер қайда орнатылды?

A) Ұлыбританияда B) Норвегияда C) «НАСА» ұйымында D) Атлант мұхитында E) Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде

8. Ғаламтор ең алғаш қандай мақсатта қолданылды?

A) тәжірибе алмасу мақсатында B) әскери мақсатта C) спорттық мақсатта D) білім алу мақсатында E) сауда-саттық мақсатында

9. «Интернет» қай тілдегі сөздердің туындысы?

A) грек B) латын C) ағылшын D) француз E) итальян

10. Мәтінге қай тақырып сай келеді?

A) Бұқаралық ақпарат құралдары B) Ғаламтор және біз C) Алғашқы әлеуметтік желі D) Ғаламтор тарихы E) Пошта байланысы

 

 

 

Жаңартылған күні: 19.01.2022 14:49
Құрылған күні: 19.01.2022 14:49

Текст