Текст
15-18 қазан аралығында Щучье қаласында "Ақмола облысының 2024 жылғы үздік дене шынықтыру мұғалімі» облыстық байқауы өтті". Жарыс бағдарламасында визит карточкасы, заманауи дене шынықтыру сабағы және бұқаралық спорттық іс-шара болды. Ақмола облысының әр аудан, қалаларынан 12 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Ұстазымыз Анастасия Петровна Процак осы байқаудың жеңімпазы атанып, республикалық кезеңге қатысады. Сәттілік тілейміз.