Текст
12.12.2025
Жаратылыстану ғылымдарының онкүндігі аясында 8-сынып оқушыларына "Қан, Тер және хромосомалар" атты қызықты биологиялық квест өткізілді.
Балалар генетика, анатомия және физиология әлеміне еніп, білімді ғана емес, логикалық ойлауды, зейінді және топтық жұмысты қажет ететін тапсырмаларды орындады. Қатысушылар тақырыптық станциялардан өтіп, биологиялық жұмбақтар шешті. Барлық қатысушыларға белсенділігі мен көбірек білгісі келгені үшін алғыс айтамыз!