12.03.2026
2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен танысыңыздар!
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңа нұсқаулығына сәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хат), биыл құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.
🗓 Қабылдау кестесі (өңірлер бойынша)
Құжаттарды қабылдау кезең-кезеңімен жүргізіледі:
🔹 27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы
🔹 10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы
🔹 18 маусым – 31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы
🔹 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы
❗ Маңызды: Ақмола облысы (соның ішінде Көкшетау қ.) бойынша қабылдау 2026 жылғы 10 маусым - 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
✍️Ата-аналарға құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін созылатынына қарамастан, құжаттар дайын болған кезде сұранысқа ие мектептерге өтініш берген дұрыс екенін еске саламыз. Өйткені, сіз мектептің шағын ауданында тұрсаңыз да, бас тартудың негіздерінің бірі-сынып жиынтықтарының толуы.
📲Өтініш «электрондық үкімет» egov.kz веб-порталы арқылы беріледі.
Портал арқылы өтінім беру үшін:
✅ Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
✅ Сандық фотосурет 3х4 см;
✅ № 052-2/у нысанға сәйкес баланың денсаулық паспорты (2025 жылдан бастап бұл анықтама еGov порталы арқылы электронды форматқа көшірілді );
✅ № 065/у нысанына сәйкес профилактикалық екпелер картасы;
✅ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда) керек
🔎 1 сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
⛔Құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз бола алады: сынып-жиынтықтардың толып кетуі, құжаттардың немесе олардағы деректердің дұрыс еместігін анықтау.
☎️ Барлық сұрақтар бойынша: 213кабинетке немесе 25-57-14 телефон арқылы хабарласуға болады