30.03.2026
27 наурыз күні «Адал азамат» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру тақырыбына арналған педагогикалық кеңес жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс өнімді әрі конструктивті жағдайда өтті. Тақырыпқа тереңірек ену мақсатында мұғалімдер арасында дебат форматындағы пікірталастар ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде қатысушыларға өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауға, пікір алмасуға және бағдарламаны іске асыру бойынша ортақ ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Педагогикалық кеңестің практикалық бөлімі келесі негізгі бағыттар бойынша жобаларды қорғаумен жалғасты: «Таза Қазақстан», «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам», «Қоғамдық мүлікті қорғау», «Ұлттық ойындар» және «Қауіпсіз ойындар». Әрбір топ оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, қауіпсіздік мәдениетін және қоғамдық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға бағытталған нақты идеялар, бастамалар мен жүзеге асыру тетіктерін ұсынды.