"Ақмола облысы  білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі   Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-гимназия №5 "Тандау" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МШГ №5 «Таңдау» педагогтері Қаиров Жанат пен Байжолов Асет Астана қаласында өткен Creative Aimaq – Ақмола облысы креаторларының жәрмеңкесіне қатысты.

19.06.2026

   МШГ №5 «Таңдау» педагогтері Қаиров Жанат пен Байжолов Асет Астана қаласында өткен Creative Aimaq – Ақмола облысы креаторларының жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара аясында олар жастар арасында зияткерлік демалысты насихаттауға, білім көкжиегін кеңейтуге және шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған JETI QAZYNA зияткерлік ойыны жобасын таныстырды.
Жәрмеңкенің құрметті қонақтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов болды.
JETI QAZYNA жобасына алдағы уақытта табыс, жаңа жетістіктер мен қарқынды даму тілейміз!

Просмотров: 101


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст