"Ақмола облысы  білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі   Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-гимназия №5 "Тандау" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

PASCH жобасының жетекшісі Себастьян Раубаллмен кездесу

19.06.2026

 №5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясында PASCH жобасының жетекшісі Себастьян Раубаль және Қазақстан мен Түрікменстандағы PASCH бастамасының үйлестірушісі Айсұлу Ниязгуловамен гимназия әкімшілігі мен жоғары сынып оқушыларының жылы кездесуі өтті.
Кездесу барысында гимназияның халықаралық PASCH – «Болашақ серіктес мектептері» жобасына одан әрі қатысу перспективалары, сондай-ақ неміс тілін оқуға, білім беру бағдарламалары мен халықаралық жобаларға қатысуға қатысты жаңа мүмкіндіктер талқыланды.
Гимназия оқушылары – Дмитрий Первухин, Тимур Кукс, Кира Трайгель, Мария Власенко және Таисия Гердт өз жетістіктерімен бөлісіп, PASCH жобасы аясындағы іс-шараларға қатысу тәжірибелері мен неміс тілін меңгерудегі табыстары туралы әңгімеледі.
Осындай кездесулер гимназистерімізді жаңа жетістіктерге шабыттандырып, олардың көкжиегін кеңейтуге, халықаралық білім беру мен мәдениетаралық қарым-қатынасқа жол ашуға мүмкіндік береді.
Қонақтарымызға гимназияға көңіл бөліп, халықаралық PASCH жобасына қатысушы мектептердің бірі болуға мүмкіндік бергендері үшін алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 101


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст