Текст
2022 жылдың 25 мамырында гимназия қабырғасында 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды.
Іс-шараға Көкшетау қаласының білім бөлімінің маманы Шарипова Назгуль Жанабаевна шақырылды.
Биыл гимназияда 63 түлек бар. Барлық қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен мектеп директоры К. С. Ибраева құттықтады. Содан кейін құттықтау сөзді бастауыш сынып мұғалімдерінің атынан С.А.Жолаушина сөйледі.
Келесі сөз алғандары түлектердіңі өздері , мектеп туралы өлеңдер, әндер шырқады, содан кейін мұғалімдерге гүл шоқтарын сыйлады. Одан кейін ата-аналар мен пән мұғалімдерінің шақырылуымен сынып сағаттары өтті.