Бүгін 9 қыркүйек күні 7 «А» сыныбында « Тілім –менің тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Ең алдымен оқушылар кезекпен тіл туралы жаттаған өлеңдерін жатқа айтып сайысқа түсті. Озып шыққан оқушылар ,«Сөздің көркі-мақал», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Тапқырлар» сайыстарына өзара сайысқа түсіп өнерлерін көрсете білді. Бұл сайыста тамаша өнер көрсетіп , өздерінің тіл шеберліктерімен,шапшаңдылықтарымен алға шыққан Турлубекова Амина бас жүлдені иеленсе , І орынды Ергалиева Аружан мен Алибекова Азиза бөлісіп алды , ІІ орын Арғын Анеля , ІІІ орынды Искаков Улан жеңіп алды.Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталып , өз сезімдерімен , тілектерімен бөлісті .Сыныбымызда өткен мәнерлеп оқу сайысы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерді деп айтсақ қателеспейміз.