14.11.2022
Ол ең алдымен адамның ойлау қаблеттерін ынталандырады, логикалық ойлауды, кеңістіктік қиялды, есте сақтауды және зейінді дамытады.
Бүгін Көкшетау қаласындағы көп балалы аналар арасында Балалар жылы аясында швейцариялық жүйе бойынша шахматтан қалалық турнир өтті. Гимназиядан көп балалы ана, 2-сыныптың ата-анасы Кипас Саида Айдарқызы қатысты. Саида Айдақызының айтуынша, турнир қызықты әрі тартымты өтті. Тәрбиенің тиімді әдістерінің бірі – ата-ана үлгісі. Өз үлгісімен Саида Айдарқызы қолы бос емес болса да, белсенді өмірлік ұстанымын көрсетті. Құттықтаймыз!