30.01.2023
27 қаңтар күні Жас қозғалыс инспекторларының отряды 4 сыныптарда "Жол қозғалысы ережелерін көбейту кестесі ретінде білеміз!" атты қызықты – танымдық ойын өткізілді. Бұл ойынның мақсаты-оқушылардың жол ережесі бойынша білімдерін бекіту және оқушылардың жолда жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу.
Балалар жол жағдайларын талқылады, жұмбақтар шешілді, жол белгілерінің мақсатын түсіндірді. Іс-шара барысында балалардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды. Балалар барлық тапсырмаларды керемет орындады. Жеңімпаз 4 "Д" сыныбының "Бағдаршам" тобы болды. Құттықтаймыз!!!