"Ақмола облысы  білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі   Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-гимназия №5 "Тандау" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің қалалық семинары

31.01.2018

Көкшетау қаласының №5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясында 2018 жылдың 19 қаңтарында қалалық семинар өтті.

Семинардың тақырыбы: «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту және саралап оқытуда қолданылатын тәсілдердің тиімділігі».

Семинарда 5 сабақтың түрін көрсету жоспарланды, 3 ашық сабақ, 1 коучинг, 1 тәрбие сағаты. Ашық сабақ 3 сыныпта,  тақырыбы:  «Сыйлықтар» мұғалімі Аспанова Дина Мыңжасаровна (3деңгейлік курс бітірген мұғалім); 5 сыныпта, тақырыбы:«Тәуелсіз

елім -Қазақстаным» мұғалімі Байсарина Гүлім Оразбаевна (3деңгейлік курс бітірген мұғалім); 9 сыныпта, тақырыбы:  «М.Әуезов мұражайы» мұғалімі Габбасова Күләш Ескендировна    (1 деңгейлік курс бітірген мұғалім); 10 сыныпта, сыныптан тыс тәрбие сағатының тақырыбы: «Елің үшін – мақтан...» мұғалімі Исина Айгүл Кабдолловна; коучинг тақырыбы:  «Білім сапасын арттыруда бағалаудың

тиімділігі» мұғалімі Камалиденова Асем Құсниденовна (2 деңгейлік курс бітірген мұғалім) сабақтар көрсетті. Барлық сабақтарда ұстаздарымыз жаңа технологияларды пайдаланып,сабақтың жаңаша түрде, қызықты әрі тартымды болып өтуіне тырысты.Сабақтарда әр түрлі көптеген әдіс –тәсілдер қолданылды, айта кететін болсақ : «Сын тұрғысынан ойлау», « Түртіп алу әдісі», «Шатастырылған логикалық тізбе», «Тақырыптық түйінді сөздер», «Миға шабуыл», «Ыстық орындық», «Дана үкі», «4/30», «Жоба

қорғау технологиясы»  т. б. әдістер. Топтық, жеке жұмыстардың түрлері көрсетілді.Барлық сабақтарда оқушылар  интерактивті тақталармен, постерлермен жұмыс жасады.Оқушылар белсенділік көрсетіп өз білімдерін көрсете алды. Сабақ соңында кері байланыс әдісі қолданылды.  Тәрбие сағаты да жоғары деңгейде өтті. Балалар қазақ тілінде сөйлеп ұлтымыздың салт –дәстүрін көрсету барысында рухани жаңғыру тақырыбы да қамтылып өтті. Мұғалімдермен өткізілген коучингтен де семинарға қатысушылар пайдалы ақпараттар алды. Семинар соңында қорытынды жасалды.

Просмотров: 1657


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст