2017 жылғы қараша айында №5 КП «Таңдау» гимназиясының Қамқоршылық кеңесі құрылды, Қамқоршылық кеңесі қызметінің үлгілік қағидалары, Қамқоршылық кеңесінің ережелері бар. 2017-2018 оқу жылына жұмыс жоспары бар. Сонымен қатар гимназияда 2013 жылдан бері жалпымектептік ата-аналар кеңесінің жұмысы жүргізіледі, онда Қамқоршылық кеңесімен біріккен жұмыстардың шешімдері шығарылатын болады. Жұмыс жоспары бойынша жиналыста ҚК ережесі қарастырылды, жұмыс жоспарына өзгертулер енгізілді, ҚК мүшелері арасында функционалдық міндеттері бөлінді, демеушілік көмек көрсету жайлы ережелер жасалынды.
Жыл басында ҚК құрамына 11 адам кіреді.
Овсепян Аревик
Ашотовна - Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы
Алекешева Сулшаш Амангелдиевна
Абдрахманова Замзагуль Муратовна
Касимова Жазира Кадырбаевна
Шаймерденов Серик Аширбекович
Быданова Елена Геннадьевна
Мукушева Зауреш Тулегеновна
Садвакасова Эльвира Нурпеисовна
Гатенюк Нина Григорьевна
Медведев Евгений Александрович
Рутц Светлана Анатольевна
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ
Бұл ерікті, тең құқықтық, жариялылық және алқалылық принциптерімен қызмет
атқаратын стратегиялық басқару органы.
Қамқоршылар Кеңесінің миссиясы:
Қамқоршылық Кеңесі гимназияның тиімді жұмыс істеуіне және дамуына көмектесу мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңес қоғамдық кеңес органы ретінде, гимназияның перспективалық даму мәселелерін шешуге қатысады.
Қамқоршылар Кеңесінің міндеттері:
- №5 КП «Тандау» гимназиясының дамуының өзекті мәселелерін шешу;
- №5 КП «Тандау» гимназиясының даму стратегиясы және бағдарламасын қалыптастыруға жәрдемдесу;
- білім үрдісінде қатысушылар құқығының сақталуында қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
- №5 КП «Тандау» гимназиясының заңды және жеке тұлғалардың қажеттілігіне жарналарды және ерікті қайырмалдықтарды пайдалану мақсатында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
- №5 КП «Тандау» гимназиясының ғылыми, техникалық және мәдени ынтымақтастығының дамуына жәрдемдесу;
Қамқоршылардың негізгі міндеттерінің бірі - білім беру мақсаттары үшін қосымша қаржыны тарту және бөлу.
Құрметті гимназия оқушыларының ата-аналары, егер Сіздерде Қамқоршылық кеңесінің құзыреттілігі бар
сұрақтар туандаған болса, Сіздерге кеңес алу үшін 8-701-529-39-13 телефоны бойынша хабарласуларыңызға болады.