Жаңартылған білім беру аясында мұғалімдердің көбінде сұрақтар туындады және оны бірігіп отырдауға, ұсыныстар алуға, оқыту жолын анықтау қажет болды.
Сондықтан қаланың білім бөлімі 5, 7 сыныптарда оқытатын мұғалімдер үшін барлық пәндер бойынша семинарлар ұйымдастырды. 2017 жылдың 28 қазаны күні біздің гимназияның базасында Көкшетау қаласының тарих мұғалімдері үшін семинар ұйымдастырылды. Осы семинардың модераторлары мен тренерлері НИМ мұғалімдері Бектасова Г.Е, Ермуханова Г.К, Калиева З.С, Зикирина Г.Б.болды. Семинардың бағдарламасы және мақсатымен НИМ тарих ӘБ жетекшісі З.Калиева таныстырды. 5 сынып дүниежүзі тарихы оқулығының авторларының бірі Зикирина Гульсара Бекеновна жаңа ұрпаққа жазылған жаңа оқулықтың жұмысы қандай болғандығы туралы айтып кетті. Әдістемелік басшылықты пайдалану бойынша ұсыныстар айтылды. Тарих мұғалімдері сөз сөйлеген кезде УМК авторларына алғыстарын білдіртті. Семинардың тәжірибелік бөлімінде НИМ тренерлері курстың бөлімі бойынша мұғалімдердің өздерімен дербес дайындалған сабақтар өткізді. Семинар сабақ беру барысында туындаған сұрақтарға жауап бере отырып, аяқталды. Семинардың қатысушалары сындарлы және пайдалы семинар жұмысына ойларын білдірді.