«Қорықты ел» республикалық интернет-байқауын қашықтықтан өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық тұрақты туризмді дамыту жылына арналған мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Қорықты ел» республикалық интернет-байқауын (бұдан әрі – Байқау) қашықтықтан өткізу ережесі оны өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.
2. Мақсаты: білім алушылардың бойында табиғатты қорғау іс-шараларына оң қызығушылықты
қалыптастыру, туған өлкенің табиғи игілігі үшін мақтаныш сезімін ояту.
Байқаудың міндеттері:
жас ұрпақтың бойында ерекше табиғатқа сүйіспеншілік сезімі мен ұқыпты қарым-қатынасты тәрбиелеу; өскелең ұрпақтың бойында өлкетану қызметін жандандыру арқылы белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; өскелең ұрпақтың бойында азаматтық және отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу; туған өлкені танып-білу негізінде білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру және
дамыту.
3. Байқауды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша
білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.
4.Байқауды
ұйымдастырушылар әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын
қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
5. Байқау жұмыстары 2017 жылғы 30 мамыр мен 16 қазан аралығында rumtsdo@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
2017 жылғы 16 қазаннан кейін түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары
қарастырылмайды. Байқау қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары мен қатысушылардың сертификаттары 2017 жылғы 30 қазанда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
6. Ұйымдастырушы
байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы. Ұйымдастырушының шешімі бойынша байқауды өткізу мерзімін ұзарту туралы ақпаратты міндетті түрде әлеуетті қатысушыларға хабардар ете отырып, байқаудың өткізу, өзгерту туралы және қорытындыны орналастыру мерзімдерін мына сілтемеде көрсетіледі: www.ziyatker.org → Республикалық шаралар → «Қорықты ел» байқауы → әрі қарай.
7. Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете
отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
8. Байқауға қатысу
үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңге төлемақы төленеді.
Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі:
ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (резидент).
БИН 990140004733
ИИК KZ918560000005068448
БИК KCJBKZКX
Кбе 16
Төлемақы мақсатының коды: 859. АО «Банк Центр Кредит»
Төлемақының мақсаты: «Қорықты ел» байқауы. Байқауға қатысушының (жіберуші) аты-жөні, тегі міндетті түрде көрсетілуі қажет.
9. Байқауға қатысу үшін міндетті түрде келесі құжаттарды:
1) 1-қосымшаға сәйкес Word форматындағы өтінімді;
2) сканерден өткізілген төлем туралы құжат (түбіртек немесе төлем тапсырмасын);
3) электронды түрде байқау жұмысын rumtsdo@mail.ru электронды поштаcына жіберу қажет.
3. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар
10. Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады:
6 жасқа дейін мектепке дейінгі жас санаты;
7-10 жастағы кіші жас санаты;
11-14 жастағы орта жас санаты;
15-17 жастағы жоғарғы жас санаты.
11. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Қорықты ел» номинациясы - фотобайқауы.
Қатысушыларға әсемдігі және алуантүрлілігі бойынша таңғаларлық Қазақстан Республикасының ерекше қорғаудағы табиғи аймақтарының пейзаждарын, сонымен қатар табиғи мекен ету ортасындағы (қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғи резерваттар және басқалары) фауна мен флора түрлерін суретке түсіру керек.
Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар: сандық форматтағы авторлық фотолар қабылданады, байқау жұмыстарын дайындау барысын фотосуретке түсіріп және JPEG форматында электронды түрде жіберу қажет. Әр қатысушы қысқа аннотациясымен 5-тен артық емес фото жібере алады. Суреттер желісі және композициясының түпнұсқалығымен ерекшеленуі, Қазақстанның табиғатымен байланысты оқиғаны, деректі және құбылысты бейнелеуі, рухани және мәдени құндылықтарды насихаттауы қажет.
2. «Қорықты өрнек» - суреттер байқауы.
Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар: байқау жұмыстарын дайындау барысын фотосуретке (4 суреттен кем емес) түсіріп және JPEG форматында электронды түрде жіберу қажет. Суреттер желісі және композициясының түпнұсқалығымен ерекшеленуі, Қазақстанның табиғаты, жануарлар және өсімдіктер әлемімен байланысты оқиғаны, деректі және құбылысты бейнелеуі, табиғатты үнемдеу, рухани және мәдени құндылықтарды насихаттауы қажет. Әрбір қатысушы суреттің қысқаша сипаттамасын ұсынады.
3. «Қорықты сабақ» - бейнематериалдар байқауы.
Белгілі бір қорықтың ерекшелігі мен бірегейлігі туралы, қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер түрлері немесе туған өлкенің табиғи ресурстарын сақтау бойынша акциялар туралы бейнематериалдың қазақ немесе орыс тілдерінде сапалы дыбысталуы, ұзақтылығы 5 минуттан артық емес, AVI, MPEG форматында болуы қажет.
Жұмыс логикалық және техникалық жағынан аяқталуы қажет. Бейнематериал жоғарғы
көркемдік сапамен, деректі, анимациялық, ойын бейне түрінде оригиналды режиссура бойынша түсірілуі қажет. Түсірілім, анимация және компьютерлік графика сияқты әр түрлі визуальды жеткізу түрлері қабылданады.
Байқау жұмыстарын бағалау критериі: жұмыстың байқаудың тақырыбы мен номинациясына сәйкестігі;
көтерілген тақырыптың жаңашылдығы мен өзектілігі; тақырыптың түпнұсқалығы мен толық ашылуы;
жұмыстың сапалы және көркемдік-техникалық шеберлікпен орындалуы;
мәселелерді шешу тәсілдерінің сонылығы; шығармашылық деңгейдің автордың жас ерекшелігіне сәйкестігі.
4. «Қорықты соқпақ» номинациясы - зерттеу жобаларының байқауы.
Байқау жұмысының құрылымы: беткі
парақ, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізбесі,
қосымшалар.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі мен тәжірибелік мәні, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен
құралы көрсетілген, болжамы қалыптасқан, зерттеу әдістерінің таңдауы негізделген, зерттеу кезеңдері көрсетіледі.
Байқау жұмысының негізгі бөлімі қарастырылатын мәселелерді сипаттауды, оларды шешу әдістерінің сипаттамасын,
зерттеу кезеңдерін, шығарылған қорытынды негіздемесін және қосымшаны өңдеуді қамтиды.
Байқау жұмысының қорытындысында кіріспеде қойылған мақсат пен міндеттер жетістігінің барынша маңызды
тұжырымдары қысқаша баяндалуы, қиындықтарды шешу перспективалары және осы тақырып бойынша әрі қарай зерттеуге болатын бағыттар көрсетілуі керек. Автордың тәжірибе түріндегі ұсынымдары аса маңызды болып табылады.
Байқау жұмысының әдебиеттер тізбесінде зерттеу жұмысын орындауда қолданылған барлық дереккөздер көрсетілуі
керек. Байқау жұмысының мәтінінде қолданылған дереккөздерге сілтеме болуы тиіс.
Қосымшада көмекші және қосымша материалдар орналасады (кесте, графикалық материал, құжаттардың үлгілері және басқалары).
Жұмысты ресімдеу талаптары: жұмыстың мәтіні MSWord мәтіндік редакторында терілуі керек. Қаріп: TimesNewRoman; қаріп мөлшері: 14; аралық: 1; жол: әр жағынан 2 см-ден; сәйкестендіру: көлемі бойынша, бірінші жолдың азат жолы – 1,25 см; қосымшаны қоспағанда жұмыстың көлемі – 3-9 бет, А4 форматында. Қосымшаның көлемі 5 беттен артық емес.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері: зерттеудің өзектілігі менжаңашылдығы; ғылыми мазмұндылығы мен жобаныңтәжірибелік мәні; зерттеу міндеттерін шешудің шығармашылық және өзіндік тәсілі;
материалды баяндаудың дәлділігі және мәселені зерттеу толықтылығы; шешімдердің қисындылығы, негізділігі.
12. Байқауда бір қатысушы бір номинация немесе бірнеше номинацияға қатыса алады. Әр номинацияға әр қатысушыдан бір ғана жұмыс қабылданады. Әр номинация бойынша әр жеке жұмыс үшін төлемақы
қабылданады.
13. Байқау жұмысының титул парағында көрсетіледі:
облыс, аудан (қала), ауыл; білім беру ұйымының аталуы; байқаудың, номинацияның, автордың аты-жөні;
қатысушының жасы; e-mail, байланыс мәліметтері; жетекшінің аты-жөні, тегі; жетекшінің лауазымы және жұмыс орны.
14. Интернет желісінен алынған және өзге авторлардың материалдарын қолдануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын ешқандай интернет желісінде жарияланбаған болуы тиіс.
4. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарын марапаттау
15. Байқау қорытындысы бойынша әділқазы мүшелері жеңімпаздарды анықтайды.
16. Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелердегі дипломдармен және жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.Орын алмаған қатысушыларға сертификат беріледі.
Байқау жеңімпаздарына
дипломдардың, жетекшілеріне алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары мына сілтеме http://www.ziyatker.org/#!-/c10hg арқылы жүктеп алу мүмкіндігімен www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
Анықтама телефондары: 8(7172) 249308 («Қорықты ел» байқауы).
Диплом, сертификаттардың онлайн нұсқасын жүктеу үлгісі www.ziyatker.org → Республикалық шаралар → «Қорықты ел» байқауы → әрі қарай.
1-қосымша
Байқау қатысушысының өтінімі
(мемлекеттік және орыс тілдерінде)
Қатысушы-ның аты-жөні |
Жасы |
Мекенжайы Облыс, қала, аудан, ауыл |
Білім беру ұйымының аталуы, сыныбы, курсы |
Байқаудың аталуы, номинациясы тақырыбы |
Байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы) |
Жетекшісінің толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы |
Жетекшісінің байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Фамилия, имя участника |
Воз-раст (лет) |
Область, город, район, село |
Наименова-ние организации образования, класс, курс |
Название конкурса, номинации, работы |
Контактные данные (сотовый телефон, эл. адрес) |
Ф.И.О. руководителя (полностью), должность и место работы |
Контактные данные руководителя (сотовый телефон, эл. адрес) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»
«Қорықты ел» республикалық қашықтықтық интернет-байқауы «Қорықты өрнек» номинациясы
Жұмыс авторы работы: Муслимова Жадыра Омирзаковна Білім беру мекемсінің мекен - жайы: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, . Шарбақты с., №1 ЖОББМ, 5 сынып, 11 жас
Жетекші: Петрова Нина Ивановна 2017 ж. |
Титул парағын толтыру үлгісі