Текст
6 «А» сынып оқушылары елге танымал адамдармен кездесуді дәстүрге айналдырып келеді. Бәрімізге белгілі Көкше ақыны, журналист Қайырбай Зейноллаұлы Төреғожаны сынып ұжымы кездесуге шақырды. Ашкенова Карина сыныптастарына ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді. Оқушылар өз сұрақтарын қойып,ақынның бірнеше өлеңдерін оқи отырып, тәрбиелік мәнін айтып шықты. Ал ақын аталары балаларға арнап әкелген өлеңдерін оқып берді. «Таза өнердің иесі жомарт келеді» дегендей, Қайырбай Зейноллаұлы сынып ұжымына «Қызыл алма» кітабын сыйға тартты. Ардақты ағамыз балалардың өнері мен шын жүректен айтылған тілектеріне риза болып, батасын берді.