2017 жылдың 12 гимназияда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды: Гимназияда қамқоршылық кеңестерінің жұмысы мен қоғамдық қайырымдылық қорының құру туралы. 2017 ж. қорытынды атесттаттау мен ҰБТ өткізілуінің өзгеруі туралы.
Оркестрлер шеруінің ұйымдастырылуы мен өткізілуі.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
Бірінші сұрақ бойынша гимназия директоры Д.У.Башарова сөз сөйледі, ата – аналардың назарына биылғы жылы КП №5 «Таңдау» гимназиясында «Ата – аналар мен «Таңдау» түлектерінің қайырымдылық қоры» жұмысын бастағанын айтты.
Толық ақпаратты гимназия сайтынан Меценаттар бөлімінен алуға болады.
Екінші сұрақ бойынша директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Е.Ю.Гулина сөз сөйледі. Ол ата –аналарды оқушылардың мемлекеттік емтихан мен ҰБТ тапсырсудағы өзгерістер туралы айтты.
Үшінші сұрақ бойынша Д.У.Башарова гимназияда жоспарланып отырған іс-шаралар туралы айтты. Ата –аналарға оркесрт шеруі туралы және онда гимназияның 4 сыныптары қатысатыны туралы айтты.
Төртінші сұрақ бойынша мәселе бойынша ата-аналарға баланы тәрбиелеуде оның құқықтары мен міндеттері туралы түсініктеме берілді.