"Ақмола облысы  білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі   Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Многопрофильная школа-гимназия №5 "Тандау" города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы

13.01.2017

  Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы

 

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы «09» қараша

№ 685 қаулысымен бекітілген

 

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары

  1. Жалпы ережелер

  1. Осы Терроризм актісінболғызбауға немесежолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және терроризм актісінболғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібін айқындайды.

2. Сыйақы төлеу осы мақсатқа терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі –уәкілетті орган) тиісті қаржы жылынакөзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

2. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат

үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібі

3. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескенақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган сыйақы төлейді. Сыйақы бір рет төленедіжәне мынадайтәртіппен белгіленеді:

1) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК) 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2) ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісітуралы қылмыстық істер бойынша– 1000 (бір мың) АЕК.

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам сыйақыдан бас тартқан жағдайда,уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі –аумақтық орган) тиісті өтініш береді.

4. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, егер айыпты адамға қатысты:

1)2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестіккодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысынемесе айыптау үкімі заңды күшіне енген;

2) ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленеді.

5. Аумақтық орган терроризм актісін болғызбауға немесе олын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы үш жұмыс күні ішіндехабарлайды.

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараттыхабарлаған адам тұрғылықты жері бойынша аумақтық органға осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

6. Аумақтық орган осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес сыйақы алу құқығы туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды қалыптастырады және уәкілетті органныңтөрағасы айқындаған уәкілетті органныңқұрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі –уәкілетті бөлімше) жібереді:

1)аумақтық органның қолдаухаты;

2)хабарлама талоны түбіртегінің көшірмесі;

3)заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі не ҚПК

35-бабы бірінші бөлігінің 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі;

4)терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

5)терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның ағымдағы банктікшоты көрсетілгенекінші деңгейдегі банк анықтамасының түпнұсқасы. Адамның ағымдағы банктік шоты болмаған жағдайда, өзі кез келген екінші деңгейдегі банкте ағымдағы банктік шотын ашады.

7.Уәкілетті бөлімше барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеу туралы уәкілетті органбұйрығыныңжобасындайындайды.

Тексеру процесінде құжаттарды ресімдеудекемшіліктер мендәлсіздіктер анықталған кезде уәкілетті бөлімше осы Қағидалардың

6-тармағында көрсетілген құжаттарды қателіктерді жою және онымен бір мезгілде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеуді кешіктіру себептері мен мерзімдері туралы хабарлау үшін аумақтық органға қайтарады.

Аумақтық орган кемшіліктер мен дәлсіздіктер жойылғаннан кейін он күн ішінде осы Қағидалардың6-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті бөлімшеге қайта жолдайды.

8. Уәкілетті органныңсыйақы төлеу туралы бұйрығы шығарылғаннан кейін аумақтық органсыйақы төлеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараттыхабарлаған адамғақазынашылықтың аумақтық бөлімшелері арқылы оның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы банктікшотына сыйақыны төлеуді жүзеге асырады.

9. Аумақтық орган терроризмактісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараттыхабарлаған адамға заңнамадабелгіленген тәртіппеноның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы банктікшотына ақшалай қаражаттың аударылғанытуралы үш күн ішіндемәлімдейді.

Қазақстан Республикасының      Премьер-Министрі                Б. Сағынтаев

Просмотров: 492


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст